• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодардың үш мемлекеттік мекемесі қоныс  тойын тойлады 29.10.2016

Павлодар облысының әкімі аталмыш медицина мекемелеріне жаңа орын беруді бұдан төрт ай бұрын уәде еткен еді. Бұған дейін Жаяу Мұса көшесі 4 мекенжайы бойынша орналасқан бұрынғы бала бақшаның ғимаратында қысылып келген медициналық орталықтар Ломов көшесі 47/1 мекенжайындағы кең әрі жайлы орынға көшірілді.

Жаңа орынға қоныстанған медициналық орталықтардың жағдайын өз көзімен көрмек болған Болат Бақауов паллиативті көмек ауруханасының ұжымына жедел жәрдем көлігінің кілтін сыйлады. Жаңа орындағы ауруханада жатын орындары 15-тен 30-ға дейін артып, балаларға арналған бір палата пайда болды. Мекеме қызметкерлері жаңа орында жұмыс істеу олар үшін өте ыңғайлы екендігін атап өтті. 

Балалардың психологиялық денсаулығы орталығының персоналы да әріптестерін құптап отыр. Қазір орталықта балалардың жүйке-психикалық ауытқушылықтарын анықтап, емдеу үшін қажетті диспансерлік бөлімше, 50 жатын орынға арналған күндізгі стационар, 10 жатын орынға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін стационар бар.  Дәрігерлердің айтуынша стационарды оларды ауыстыратын жедел көмек түріне ауыстыру психикалық дамуындағы ерекшеліктері бар балалардың бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.

 


Back to the list