12.10.2016
Қазақстандық коньки тебушілер үшін бұл жарыстар – 2016-2017 маусымның ресми басталуы және 26-28 қазанда «Алау» мұз сарайында өтетін ел чемпионатына дайындық кезеңі. Қазақстанның біріншілігінде Әлем кубогы кезеңдеріне қатысатын құрама топ құрамы анықталады.
Жарысқа Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан спортшылар қатысты.
2-4 желтоқсанда Астанада 2016/2017 маусымның коньки тебу спортынан Әлем кубогының үшінші кезеңі өтетінін еске сала кетейік.
Барлық жеке қашықтықтарда (ерлер және әйелдер) еліміздің құрамасы Әлем кубогының «үй» кезеңінде бес қатысушыдан шығаруға құқылы. Бұл резервтік құраманың және облыстық құрамалардың спортшылары Әлем кубогына қатысу мүмкіндігін алатынын білдіреді. Алайда, ол үшін олар ішкі чемпионаттағы іріктеуден өтуі және Халықаралық коньки тебушілер федерациясы (ISU) белгілеген нормативтерді орындауы тиіс.