03.10.2016
Ақтөбеге Қазақстанның барлық білікті хирургтері мен Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Грузия, Литваның жоғары санатты мамандары ат басын тіреді. Төрт күн ішінде, яғни 2-6 қазан аралығында облыстық орталықта шеберлік сыныптары мен эндоскопиялық хирургтердің 6 халықаралық съезі өтеді.
«8 шеберлік сыныбы мен 35 күрделі ота өткізіледі. Оның ерекшелігі Қазақстанда алғаш рет 3D технологияны қолданумен ота жасалмақ. Сондай-ақ, бүгін пациентке бауырдың жарты бөлігі алуды лапараскопиялық технологияны қолдану арқылы ота жасалды. Осы сынды оталар ҚР-да алғаш рет жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін бізде барлық қондырғылар жасақталған», - деді Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев.
Мамандардың айтуынша, бұл тек инновациялық әдістерді енгізіп қана қоймай, ақтөбелік хирургтердің біліктілігін арттырады.