• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында менингококк инфекциясымен сырқаттану 1,7 есеге азайды 03.10.2016

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, инфекцияны сырқаттанған адам мен менигококк тасымалдаушы таратады. Ауа тамшылары арқылы жұғады. Инкубациялық кезең 2 күннен 20 күнге дейін созылады, көбінесе 2-4 күн.

Сырқаттанудың 3 негізгітүрі бар: жіті назофарингит; менингококкті менингит, менингококцемия - менингококкті сепсис.

Жіті назофарингитпен сырқаттанған жағдайда дене қызуының 1-3 күнде жоғары көтерілуі, бастың ауыруы, жұтқыншақтың шырышты қыбғының қабынуы мен ісінуі, тамақтың жыбырлауы мен ауыруы, мұрынның бітеліп қалуы байқалады.

Менингитпен сырқаттану өте жіті басталады: жоғарғы дене қызуы, бастың қатты ауыруы, тамақтануға қатысы жоқ лоқсу.

Менингококкті менингитпен және менингококцемиямен сырқаттанған адамдар (сонымен бірге, аталған ауруларға күдік пайда болғанда) арнаулы бөлімдерге шұғыл түрде госпитализациялануы керек.

Менингококкті инфекциямен көбінесе (кездесетін жағдайдың 80%-ы) 14 жасқа дейінгі балалар сырқаттанады. әрбір 10-12 жылда аурудың өсуім байқалады. Бұл ұжымдық иммунитеттің төмендеуі мен қоздырғыштың ауысуына байланысты.

Тиімді емдеудің негізі – ауруды ерте кезеңде диагностикалау. Менингококкті инфекцияны алдын алу үшін эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ статусына қарамастан аталған ауруға эндемиялы елдерге баруды жоспарлаған адамдарды вакциналайды.

 


Back to the list