• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тұңғыш рет АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын адамдар үшін дәрілік заттарды сатып алу ЮНИСЕФ арқылы жүзеге асырылатын болады 29.09.2016

«Антиретровирусты препараттарды ЮНИСЕФ-тің жеткізу бөлімі арқылы бірыңғай сатып алу бірден бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, дәрілік заттардың қолжетімділігі артады, екіншіден, бұл – препараттардың сапасы және олардың сатып алу бағасының арзан болуы», - деп атап айтты Серікбол Мусинов.

Осылайша, бюджет қаражаты айтарлықтай үнемделеді. Пациенттерге дәрілер тегін берілетін болады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ЮНИСЕФ-тің жеткізу бөлімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сапаның, қауіпсіздік пен тиімділіктің жүйеленген стандарттарына сай медициналық препараттарды алуға мүмкіндік беру мақсатында жасалған алдын ала біліктіліктің іріктеу бағдарламасына қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы көрсеткіштерінің бірі – 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстап тұру. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеу кез келген азаматқа қолжетімді және мемлекеттің қаражаты арқылы жүзеге асырылады.

 


Back to the list