09.02.2015
«Ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің бірі денсаулық сақтау саласындағы бизнеске қолайлы жағдай жасау, оның ішінде халықаралық стандарттағы өнімнің сапасы мен технологиялық үдерістердің, нормативтік-құқықтың актілердің жетілуіне бағытталған», - деп хабарлады ҰКП.
Меморандум денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық әлеует өсімін де қарастырады. Проблемалық сұрақтарды шешуге бағытталған ұсыныстар дайындалады.
Сондай-ақ, ынтымақтастық денсаулық сақтау саласы мамандарын дайындау мен олардың біліктілігін арттыру мәселесін қарастырады. Аталмыш келісімнің негізгі пунктісі отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады.