07.02.2015
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 100 метрге еркін жүзуден әйелдер арасында бірінші орынға 44736 ә/б әскери қызметшісі Әсем Жәкенова, ерлер арасында осы әскери бөлімнің әскери қызметшісі Аман Сальменбаев ие болды. Сонымен бірге ол 100 метрге брасспен жүзуде жеңімпаз атанды.
Жарысқа Семей, Өскемен, Аягөз және Үшарал гарнизондарының әскери қызметшілері қатысты. Жеңіске жетуде олар шынайы бәсекелестік рухында жарысып, дене даярлықтарының жоғары деңгейін көрсетті.
Жарыс «4 рет 100 метрден» эстафетасымен аяқталды. Бұл кезеңде жүзушілер еркін стильде бірдей қашықтықта жүзеді. Оның қорытындысы бойынша «Шығыс» ӨңҚ жүзу бойынша чемпионаттың жеңімпаздары атанды. Бірінші орынды Семей гарнизоны иемденсе, екінші орында Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері, ал үшінші жүлделі орынға Аягөз гарнизоны ие болды.
Әскери спортшылар Чемпионаттағы жетістіктерін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Жеңістің 70 жылдығына тарту етті.