• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда Универсиада-2017 жоғары деңгейде өтеді – Смирнов 06.02.2015

«Мен Универсиада-2017 жоғары деңгейде өтетініне шүбә келтірмеймін. Бүгінде шараға дайындық өте жоғары деңгейде өтуде. Бізде бар жалғыз проблема ол техникалық салада туындап отыр, табиғи қардың жетіспеушілігі. Жақын арада бұл проблеманың шешілуіне шешім табамыз», - деді В.Смирнов.

Ол Алматыда өтетін Универсиада-2017 өтуіне жергілікті биліктің рөлін атап өтті.

«Алматы қысқы спорт түрлері бойынша Қазақстанның шынайы келбетін таныстырады, спорттың барлық түрі жинақталатын болады. Барлығы жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауда. Спорт нысандары салынуда. Ұйымдастырушылық комитеттер де құрылуда. Спортшылар халықаралық сайыстарда тәжірибе жинауда», - деді Смирнов.

Айта кетейік, 28 Универсиаданың Алматыда өткізілуі 2011 жылдың 29 қарашасында  (FISU) отырысының дауыс беруінде анықталған болатын.

Камила Амирова


Back to the list