• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорданың перинаталдық  орталығына шала туған сәбилерді күтуге арналған медициналық жабдық тапсырылды 05.02.2015

Құны 30 млн. теңге (30 млн. 076 мың 800 теңге) тұратын жабдық 2014 жылдың 23 тамызында өткен екiншi  «Rixos Borovoe-2014» қайырымдылық велошеруi кезiнде жиналған қаржыға сатып алынды. Науқанның ұйымдастырушылары - «Rixos Borovoe» қонақ үйі және Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры.

Аукцион қорытындысы бойынша 79 415 000 теңгені құраған рекордтық сома жиналды. «Асыл Мирас» қоры жоғары сапалы медициналық көмекті көрсетуге арналған және шала туылған сәбилерді күтуге арналған қажетті жабдықтың толық жиынтығын сатып алу үшін жиналған қаржыны Ақмола облысы перинаталдық орталығы мен Қызылорда перинаталдық орталығы арасында бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады қор.

Бүгінде «Rixos Borovoe» және «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры Қызылорда облысының перинаталдық орталығына арнап 30 млн. 076 мың 800 теңге сомасына келесі жабдықтарды сатып алды: жаңадан туылған сәбилерге арналған өкпедегі ауаны жасанды жолмен алмастыру аппараты – (3 дана),  фототерапия шамдары – (4 дана), кереует жанындағы монитор – (2 дана) , Шприцтық сорғы – (5 дана) .

«Rixos Borovoe» қонақ үйі мен «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының көмегінің арқасында жансақтау және жаңа туылған сәбилерге қарқынды ем көрсету бөлімдері жеткілікті мөлшерде заманауи құрылғылармен жабдықталып, енді онда облыстың 7 ауданына жататын барлық нәрестелер қажетті көмекті ала алады», - деді Қызылорда қаласының Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Ляйля Құлтаева.

Облыстық перинаталдық орталық аймақтандырылуы 3-деңгейге жататын босанатын әйелдерге жәрдем көрсететін мекеме болып табылады, мұнда облыстың 7 ауданынан ауыр жағдайлармен келіп түскен жүкті әйелдер, жаңа босанған әйелдер мен нәрестелер қаралады.

Сондықтан жиналған қаржыны еліміздің ең кішкентай азаматтарын күтуге арналған медициналық жабдықты сатып алуға жұмсалады деп іс-шараны жоспарлау және дайындау кезеңінде күнібұрын шешілген болатын.

 


Back to the list