04.02.2015
Облыс әкімдігі хабарлағандай, өңір тұрғындарының қысқы демалысын ұйымдастыру және өткізу мақсатында қала мен аудандарда шаңғыны жалға беретін 67 пункті және конькиді жалға беретін 57 пункті қызмет етуде. Жалға беру құны 100-ден 300 теңгеге дейін (балалар) және 200-ден 500 теңгеге дейін (ересектер) тұрады.
Спорттың қысқы түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының құрамына облыстың 48 спортшысы кіреді (биатлон - 13 адам, шаңғы жарысы -14 адам, мәнерлеп сырғанау - 3 адам, конькимен жүгіру спорты - 3 адам, фристайл (акробатика) – 11 адам, шаңғымен спорттық бағдарлау - 4 адам).