03.02.2015
Іс-шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, бейінді басқармалар жетекшілері, Халықаралық шаңғы спорты федерациясының консулы Роман Кампуст, FIS Кеңесі мен шетел делегацияларының мүшелері қатысты, деп хабарлады қала әкімдігі.
Қала басшысы жиналған қауымды чемпионаттың ашылуымен құттықтап, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
«Біз үшін мұндай деңгейдегі жарыстарды өткізу зор құрмет. Алматыда жыл сайын әлемдік деңгейдегі біріншіліктер өткізілуде, дегенмен солтүстік дисциплиналар бойынша чемпионат алғаш рет өтуде. Бұл чемпионаттың біз үшін маңызы зор. Себебі біз 2 жылдан кейін қысқы Универсиаданы өткіземіз», - деді Ахметжан Есімов.
Өз кезегінде, Роман Кампуст Алматының біріншілікке дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, спортшыларға сәтті сөре, жоғарғы көрсеткіштер мен жеңістер тіледі.
Жасөспірімдер арасындағы солтүстік дисциплиналар бойынша әлем чемпионаты 1-ақпан мен 8-ақпан аралығында өтеді. Біріншілік 240 млн. көрермен аудиториясы бар «Евроспорт» телеарнасы бойынша тікелей эфирде көрсетілмек. Алматы әлемнің 36 мемлекетінен 576 спортшыны қабылдады, 560 ерікті тартылып, әлемнің түкпір-түкпірінен 30-дан астам БАҚ тіркелген.