• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде созылмалы ауруға шалдыққан адамдарға жеңілдік көмек беретін  емдеу бөлімі ашылды 31.01.2015

«Бұл республика бойынша осындай іспеттегі үшінші медициналық мекеме. Мұнда созылмалы дертке шалдыққан науқастар емделеді. Медбикелік күтім жүйесі бойынша оларға паллиативтік емдеу әдісі аясында көмек көрсетіледі», - деді ЖМКА бас дәрігері Рахымжан Арыстан.

Аталып өткендей, мұндай көмек науқастар мен олардың отбасылары үшін аса қажет, оларға үйдегі жағдайды жасай отырып  күтім жасаудың өмірлік маңызы зор.

Облыстық денсаулық сақтау асқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, жаңа бөлім - ол хоспис емес, мұнда ұдайы стационарлық емді қажет етпейтіндерге қолдаулы терапия көрсетіледі. Созылмалы дертке шалдыққандар мен олардың отбасыларының мүшесі бір ай бойы жаңа өмір сүру дағдысына үйренетін болады.

«Жаңа бөлім 20 орынға есептелген және оны жоғары дәрежедегі дәрігер Людмила Баева басқарады, сондай-ақ білікті мамандар ұжымы жұмыс істейді. Бір жыл ішінде мұнда 200-ге дейін науқас ем алатын болады», - делінген хабарламада.


Back to the list