• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 2015 жылы  стационарлық және стационарды алмастырушы көмек түрін 574 ұйым көрсетеді 24.01.2015

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақыны төлеу комитеті жыл сайын азаматтарға үздіксіз медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында ТМККК көрсетуге мемлекеттік тапсырыс орналастырып келеді.  

«Мемлекеттік тапсырысты орналастыру барысында емдеу ұйымдарына медициналық қызметтердің сапасы үшін жауапкершілік жүктеледі. Бұл талап қызмет көрсетуші мен тапсырыс беруші арасында жасалатын келісім-шартта көрсетіледі», деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету министрлігі. 

Шара барысында аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдарға басымдық беріледі.

2014 жылы стационарлық және стационарды алмастырушы көмек түрін көрсеткен 557 ұйымның 29% жекеменшік сектор өкілдері құрады. Олар үшін мемлекеттік ұйымдармен бірдей жағдай жасалып, тартымды тариф ұсынылды.   

Қызметтер үшін ақы сапасы мен көлеміне қатысты сараптама жүргізілгеннен кейін ғана төленеді. Олар тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда экономикалық шара қолданылады. 

Науқастармен кері байланыс орнату мақсатында Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының http://www.rcrz.kz сайтында медициналық ұйымдар мен олардың рейтингі туралы ақпарат орналастырылған. Бұл мәлімет қазақстандықтарға жоспарлы стацинарлық ем алатын ауруханаларды өз бетімен таңдауға көмектеседі. 


Back to the list