22.01.2015
«Орталық жетекшісі Ахметжан Мансұров 70 % кепілдемесі бар және пайыздық үстемақысы субсидияланған 16 млн теңгеден астам қаржыны несиеге алды. «NURIMED» медицина орталығы Жаркент қаласының орталығында жаңа нысанда орналасқан», - делінген хабарламада.
Аталып өткендей, несиелік қаржыға америкалық технология бойынша жасалған «SonoScape», технологиясы сатып алынды. Аталмыш құралда барлық ультрадыбыстық зерттеулердің барлығы жүргізіледі. Орталық ашылған сәттен бастап 6 адам жұмысқа орналасты.