15.01.2015
«Жаңа амбулатория заманауи технологиямен жабдықталған. Онда 4 дәрігер, 12 медбике және 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейтін болады. Денсаулық сақтау мекемесінің құрылысына бюджеттен 76 млн теңге бөлінді», - делінген хабарламада.
Бүгінде жиһаз бен техника келіп қойды. Науқастарға қызмет көрсететін барлық қажетті кабинеттер бар, олар: тіс дәрігерінің кабинеті, тіркеу, екпе жасау және емдеу кабинеттері. Жоспар бойынша жалпы тәжірибе дәрігері, акушер, балалар қабылдауының фельдшері мен тіс дәрігері қабылдау жүргізетін болады.
Жалпы, мекемеде қызмет көрсету үшін науқастарға барлық жағдай жасалған және келесі жылдың бюджетіне жедел жәрдем машинасын сатып алу көзделуде.
«Ақмола Медиа Орталығынан» атап өткендей, Бозайғыр ауылдық округының 3 мың тұрғыны үшін жаңа дәрігерлік амбулатория көптен күткен қуаныш, енді олар аудан орталығына ем іздеп сабылмайтын болады.