• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды 14.01.2015

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, кабинетте жылына  даму мүмкіндігі шектелген 100-ден астам  балаға педагог-психолог, мұғалім-дефектолог, тифлопедагог, сурдопедагог, мұғалім-логопед,  емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық ырғақ сабағының мұғалімі, емдік массаж жасайтын медбике мамандары тарапынан  білікті,  кешенді, әрі тегін көмек көрсетіледі.

Даму  мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар үшін психологиялық қолдау клубы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, басқармадан хабарлағандай, Кабинетте кедергісіз орта ұйымдастырылған: пандус,  кіреберістері кең есіктер, түс белгісі, тұтқалар бар, кедергі келтіретін табалдырық жоқ. Кабинет заманауи оңалту құралдарымен, Монтессори материалдарымен жабдықталған.

Осылайша,  қаланың картасында осындай  түзеу  орталығының ашылуы нәтижесінде дамуында ауытқушылығы бар  балаларды түзеу көмегімен қамту  көрсеткіші артады, ерекше көмекке мұқтаж  балаларды  әлеуметтік ортаға бейімдеу мен оңалтуда  қызмет аясы кеңейтіледі.

Жалпы, білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектелген балаларға алғашқы мүмкіншіліктерге  тең қол жеткізілетін  болады және мүгедек баланың отбасы психологиялық-педагогикалық қолдауға ие болады.


Back to the list