07.01.2015
Ведомстваның хабарлауынша, ашық турнирге 2 команда қатысты. Қатысушыларды Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов пен бас штаб бастығы генерал-майор Марат Уашпаев құттықтап, өздері де ойынға қатысты.
Жауынгерлік даярлық бас басқармасының дене даярлығы және спорт жөніндегі аға офицері майор Бауыржан Оразбай: «Біздің міндетіміз – армия спортын көбірек дамыта түсу және әскери қызметшілерімізді әтүрлі спорт түрлерімен шұғылдануға тарту.
Спорт дегеніміз – денсаулық, белсенді өмір салты, жеңіске деген күш-жігер мен үлкен қызығушылық», - деді. Полковник Игорь Череску, майорлар Қанат Омаров пен Ермек Мәдиев,капитан Мәди Кәрібаев ашық турнирдің үздік ойыншылары атанды. Ойын тең есеппен аяқталып, үздік ойыншылар грамоталармен марапатталды.