• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада әскери қызметкерлер шаңғы жарысын ұйымдастырды 28.12.2014

«Біздің мақсатымыз – әскери қызметшілерді спортпен айналысуға жұмылдыру. Бүгінгі акция әскери-патриоттық көңіл-күйді қолдауға және салауатты өмір салтын жүргізуге арналып отыр. Осы шараға жеке құрам жүз пайыз жиналды», – дейді Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Игорь Свиридов.

Шараға қатысушылар бес шақырымдық қашықтықта бақтарын сынады. Бүкіл жарыс бойына сайыстық рух сақталып, қатысушылардың бәрі мәре сызығын бірінші қиюға тырысты. Қорытындысында, жақсы нәтиже көрсеткен жекелеген әскери қызметшілерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Бүгінде елімізде спортпен айналысу үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Жыл сайын қыс мезгілінде шаңғы тебушілер мен конькимен сырғанаушылар үшін шаңғы базалары мен мұз айдындары ашылады. Ал, жаз айларында велосипедтер мен роликті конькилерді жалға беру пункттері жұмысын бастайды.


Back to the list