22.12.2014
«2014 жылдың 18 және 21 желтоқсаны арасында Алматы қаласында коньки тебуден студенттер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Халықаралық додаға Қазақстан, Қырғызстан, Белоруссия, Италия, Германия, Мажарстан, Монғолия, Эстония, Польша, Ресей, Қытай және Нидерландыдан келген 100 спортшы қатысты», - делінген хабарламада.
Жарыстың төртінші – ақтық күні қазақстандық Мария Сизова 500 м қашықтықта қола медальға қол жеткізді. Аталмыш қашықтықтың бірінші және екінші жүлдесін Ресейден келген Юлия Козырева (77.90) мен Ирина Аршинова (78.82) қанжығасына байлады.
Еске салып кетсек, бұған дейін Қазақстан қоржынына Федор Мезенцев 1000 м қашықтықтың қола жүлдесін салған болатын.