• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда қазіргі заманғы бессайыстан Қазақстан чемпионаты басталды 20.12.2014

Ұйымдастырушылардың хабалауынша, бұл сайыс 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын 2015 жылғы Азия чемпионатына іріктеу турнирлерінің бірі болып саналады. 

«Қазақстан Ашық Кубогы және келесі жылы ақпан мен наурыз айларында өтетін екі сайыстың нәтижесі бойынша 2015 жылдың маусымында Азия чемпионатында қатысатын негізгі команда жасақталады», - дейді мемлекеттік бапкер Оксана Дмитриенко.

Қазақсан Кубогында Алматы, Алматы облысы, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облысынан жүзге жуық спортшы қатысады. Айта кетерлік жайт, қаржылық қиындықтарына байланысты Астана командасы бұл жарысқа қатыса алмайды. Бұл сайысқа  ересектермен қатар, балалар да қатысады.Турнир аяқталысымен барлық спортшылар мен бапкерлер еңбек демалысына жіберіледі.

 


Back to the list