• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің 72,3%-ы бюджет есебінен жүзеге асты 18.12.2014

«Денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер  27850428,0 мың теңге (98,1%) сомасын құрады, соның ішінде қызметтердің ең үлкен көлемі (55,3%) ауруханалық    мекемелердің   қызмет есебінен    қалыптасты,  олар 15390021,0 мың теңге  сомасында қызмет көрсетті», - делінген хабарламада.

Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 4571425,0 мың теңге (16,4%) сомасында, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар  2738496,0 мың теңге (9,8%), стоматология саласында қызмет көрсететін ұйымдар 671704,0 мың теңге (2,4 %), адам денсаулығын қорғау жөніндегі басқа да қызметті жүргізетін ұйымдар 4478782,0 мың теңге (16,1%) сомасында қызмет көрсетті.

Тұратын орынмен қамтамасыз ететін және тұратын орынмен қамтамасыз етпейтін, әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар  528361,0 мың теңге (1,9,%) сомасында қызмет көрсетті, соның ішінде ақыл-ой немесе дене кемшіліктері, психикалық аурулар және наркологиялық  ауытқулары  бар  адамдардың  тұруымен байланысты  қызметтер - 223657,0 мың теңге (42,3%), қарттар мен мүгедектерге арналған тұратын орынмен байланысты қызметтер - 96833,0 мың теңге (18,3%), тұрумен байланысты өзге де қызметтер - 204803,0 мың теңге (38,8%), қарттар мен мүгедектерге арналған тұратын орынмен қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызметтер -  3068,0 мың теңге (0,5%), басқа да  топтамаларға кірмеген, тұратын жерімен қамтамасыз етусіз әлеуметтік көрсетілетін қызметтер - 647,0 мың теңге (0,1%)  сомасында  қызмет көрсетті.

 


Back to the list