• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-да 2014-2015 қысқы маусымда 300 хоккей корты жұмыс істейді – әкімдік 18.12.2014

Нысанның ашылу барысында сөз алған өңір әкімі Ерік Сұлтанов облыстыың барлық аудандарында қысқы уақытта осындай хоккей корттары жұмыс істейтінін айтты.

«Спорт сарайының құрылысы жүріп жатыр. Келер жылы Қазақстанның жоғарғы лигасында біздің облыстың намысын қорғайтын кәсіби хоккей командасы құрылады. Бұл біздің спортшыларға керемет база болмақ. Сонымен қатар халықтың да белсенді түрде спортпен шұғылдануына жол ашады», - дейді облыс әкімі.

Айта кету керек, аталмыш спорт нысанның құрылысы 1,5 айға созылып, демеушілер тарапынан 15 млн теңге аударылды.

Қазіргі таңда өңір аумағында 264 хоккей корты бар. Сонымен қатар, тағы 36 хоккей корттарының құрылысы жүріп жатыр. Осылайша 2014-2015 қысқы маусымында Солтүстік Қазақстан облысында 300 хоккей корты ел игілігіне ұсынылмақ.


Back to the list