12.12.2014
Кеңеске қатысушылар қант диабетінің профилактикасы және емдеу бойынша ТМД елдерінің ынтымақтастығы бағдарламасының жобасын, АИТВ/ЖИТС-пен күресте ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы кеңесі декларациясы жобасын, «Ерлердің репродуктивтік денсаулығы және әлеуметтік ұзақ өмір» мемлекетаралық бағдарламасының жобасын әзірлеу, еңбек мигранттары арасында АИТВ инфекциясы мен жыныс жолдары арқылы таралатын инфекциялардың алдын алу жүйесін әзірлеу туралы, халық денсаулығына темекінің тигізетін зиянының алдын алу және туберкулездің таралуының алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарлары, онкологиялық ауруларға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық және т.б. мәселелерді талқылайды.
ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі Достастық шеңберіндегі салалық ынтымақтастықтың ең іргелі органдарының бірі. 1992 жылы негізі қаланған Кеңес құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина денсаулық сақтау министрлері мен бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері кіреді.