10.12.2014
Ақмола Медиа Орталығының хабарлауынша, жарысқа Ақмола облысының 7 өңірінен 178 шаңғышы қатысты. Биыл Владимир Смирновтың Олимпиададан алтын жүлде алғанына 20 жыл толып отыр. Спортшының өзі жарыстың құрметті қонағы ретінде келді.
Облыс әкімі Сергей Кулагин мен облыстық мәслихат хатшысы Нина Дьячек даңқты спортшыға «Ақмола облысының құрметті азаматы» куәлігін табыстап, Лилихаммер қаласындағы 50 шақырым қашықтықтағы классикалық стиль бойынша спортшының Олимпиаданы ұтып алған сәті бейнеленген жергілікті суретшілердің туындысын сыйлады.