• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысында 10 жылда 117 медициналық нысан салынды 10.12.2014

«Тек 2013-2014 жылдар ішінде облыста 300 орынға есептелген көпсалалы облыстық аурухана, бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын қалалық емана, 18 дәрігерлік амбулатория мен 1 фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға берілді. Облыс бойынша медициналық техникамен қамтамасыз етілу 85,2% көрсетті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аталып өкендей, облыс бойынша дәрігермен қамтамасыз ету 10 мың халыққа 36,8 адамды құрады, бұл республикалық деңгейден 5,2%-ға жоғары.

«2014 жылдың 10 айында 294 науқасқа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. 1577 интервенцияланған кардиохирургиялық ем жасалды. Оның ішінде ашық жүрекке 122 ота жасалса,оның 31 балаларға болатын. Бірінші рет тарихта Ақтөбе облысында екі науқасқа бүйрегін алмастыру отасы сәтті өткізілді», - деп түсіндірді ІСБ.

Осы ретте денсаулық сақтау саласына қолдау көрсету аясында жаңа медициналық нысандар бой көтеріп, материалдық техникалық және мамандармен қамтамасыз ету аталмыш салада жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 


Back to the list