• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада Street Workout бойынша әлем чемпионаты өтті 09.12.2014

Қазақстан әлемнің 75 елінен келген қонақтарды қарсы алды. Жарысқа қатысушылар мен қонақтар танымал атлеттер мен  Street Workout халықаралық қозғалысының өкілдері, құрметті қонақтар және халықаралық деңгейдегі қазылар.

 Street Workout бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы Ақмола облысының Аршалы ауданынан келген атлет Дияс Биджиев атанды. Ол республикалық чемпионаттың жеңімпазы. Екінші орынды ресейлік атлет Валерий Кищенко, үшінші орынды украиналық Михаил Греков иеленді.

«Ақмола Медиа Орталығынан» атап өткендей, Әлем чемпионатын «Street Workout and Street Lifting» Қазақстан Федерациясы «Street Workout» басшылығымен бірлесіп, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың және ҚР МСМ қолдауымен ұйымдастырды.


Back to the list