• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда оңтүстік кореялық алдыңғы қатарлы онколог хирургтар 8 ота  жасады 08.12.2014

Хабарламада айтылғандай, оңтүстік кореялық хирургтер 20-дан астам онкологиялық науқастарға кеңес берді. «Онколог-профессор Чен Хён Мин алматылық дәрігерлермен онколгиялық сырқаттарды емдеу тәжірибесімен бөлісті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бес күн бойы шет елдік мамандар семинар, лекция мен тәжірибелік сабақтарын өткізіп, аз танылған хирургиялық емдеу әдістері туралы ақылдарымен бөлісті. Шеберлік сабағы барысында мамандар Қазақстандағы қатерлі істіктің алдын алу мен емдеуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Университеттің хабарлауынша, шеберлік сабағы барысында 38 маман дәріс алды.

Айта кету керек, шеберлік сыныбының ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы, Алматы онкология орталығы мен университеттің өзі.


Back to the list