• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Әскери спортшылар таэквондодан өткен ашық турнирде бірінші орын алды 08.12.2014

«Жарысқа еліміздің әртүрлі аймағынан 24 команда қатысты. Байрақты бәсекеде ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары осы 24 команданың арасынан оза шауп, жалпы командалық есепте бірінші орынға көтерілді», - делінген хабарламада.

Армияшылар орталық спорт клубының спортшылар өз қоржындарына 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль салды. Алтынды 58 келі салмақ дәрежесі бойынша қатардағы жауынгер Марат Әбдіқалов, 80 келі салмақ дәрежесі бойынша қатардағы жауынгер Руслан Жапаров, 67 келі салмақ дәрежесі бойынша кіші сержант Мереке Жүнісовтер жеңіп алса, күмісті 58 келі салмақ дәрежесінде қатардағы жауынгер Исламғали Әбуов олжалады.
 


Back to the list