05.12.2014
«Аккредиттеудің ұлттық стандарттарына сәйкестік үрдісіне 1000-ға жуық критерийлер мен талаптар жатқызылады. Медициналық ұйымның ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (ҚР ДСӘДМ) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (МФҚБК) стандарттарына сәйкес келу көрсеткіші 80-100%-ды құраса мекемеге 4, 60-80%-да 2 жылдық мерзіммен сертификат табысталады. Аккредиттеу емханаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мемлекеттік тапсырыс (қаржылық) алуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Аккредиттеу медициналық қызмет қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға жол ашады. 227 ұйым ішінде 44 қатысушы ұлттық стандарттарға сай болу деңгейінің ең жоғарғы көрсеткішін (80 – 100%) көрсетті. Олардың ішінде облыстық, қалалық және балалар ауруханалары мен Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларының перзентханалары бар. Медициналық ұйымдар аккредиттеу үздігі деп танылып, оларға – 4 жылдық жарамдылық мерзімі бар сертификаттар беріледі. Жылдағы дәстүр бойынша, «үздіктер» Астана қ. ДСДРО-на салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылып, Аккредиттеу орталығы өкілдері мекемелерге сертификаттар табыстайды.
Медициналық мекемелердің ұлттық стандарттарға сай келу көрсеткішін 200-ден астам сарапшы бағалады. Олардың қатарында ДСДРО аккредиттеу орталығы, ҚР ДСӘДМ, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (МФҚБК), сондай-ақ, біліктілігі жоғары мамандар, статисттер мен медицина ғылымдарының докторлары болды.
Аккредиттеу стандарттар көмегімен науқастың қабылдау бөлімінен бастап ота жасау блогына дейін, емдеу және емханадағы күтім көрсетудің барлық жолдарын қадағалауға мүмкіндік береді. ДСДРО аккредиттеу орталығы аккредиттеу стандарттарын үнемі жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл Қазақстан емханалары мен ауруханаларына бәсекеге қабылеттілігін арттырып, батыс елдерінің алдыңғы қатарлы медициналық ұйымдарымен тең дәрежеде қызмет көрсетуіне септеседі.
Аккредиттеудің негізгі тобы медицина қызметкерлері болып саналады. Сондықтан, аккредиттеумен қатар, дәрігерлер білімі мен тәжірибесін тәуелсіз бағалау өткізіледі. Бұл ДСДРО құрылымдық бөлімі болып табылатын, білім мен тәжірибені бағалаудың республикалық орталығы қызметіне жатқызылады. Сарапшылар ҚР ДСӘДМ МФҚБК өкілдерімен бірге, медициналық колледждер мен ЖОО-ы базасында, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, ақ халаттылардың кәсіби деңгейіне баға береді. Қазақстандық дәрігерлердің тәжірибедегі біліктілігін бағалау алғаш рет республика бойынша 2014 жылдың 26 тамызынан бастап 28 қарашасына дейін жүргізілді. Біліктілікті бағалау үрдісінен 3326 дәрігер өтіп, олардың арасынан 2533-і өз деңгейіндегі білім дәрежесін көрсеткен.