• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО әкімі медқызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды 03.12.2014

Ақпарат орталығы хабарлағандай, облыс әкімі ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянниковқа медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. 

«Мемлекет денсаулық саласына үлкен мүмкіндіктер беріп, жағдай жасап отыр. Ауруханалар салынуда, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынуда. Енді мамандардың білім деңгейін арттыру керек. Егер оқыту керек болса, тіпті шетелде болса да - біз қаржы бөлуге дайынбыз.  Біз мұның барлығына уақыт керек екенін түсінеміз, дегенмен жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек», - деп атап өтті Д.Ахметов. 

Кеңес барысында белгілі болғандай, өңірде 2014 жылдың 11 айында жеке тұлғалармен 391 шарт жасалған, 77,9 млрд теңге сомаға несие бөлінген. 

Сондай-ақ, облыстың әрбір үшінші тұрғынында  өзінің шағын бизнесі бар. Семей және Өскемен қалаларында  51 жобаны қаржыландыруға 4,1 млрд теңге бөлінді. 


Back to the list