02.12.2014
Биыл бірінші рет ұйымдастырылып отырған спартакиада мыңға жуық студент баскетбол, волейбол, шағын футбол, дойбы, тоғызқұмалақ, арқан тарту, үстел теннисі секілді 7 спорт түрі бойынша сынға түседі. Жарыс сегіз күнге созылады.
«Студенттер – ұлтымыздың болашақ зияткерлік элитасы, егеменді еліміздің ертеңі, Елбасынан бастау алған Нұрлы жолды жалғастырушылар. Бұл спартакиада достық пен бірліктің мерекесі болса, екінші жағынан бұқаралық спортты дамытудың ерекше тәсілі», - деді облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев.