25.11.2014
Жарысқа барлығы төрт футбол командасы - Батыс Қазақстан облысы соттары судьяларының «Әділет», облыстық сотының кеңсе мамандарының «Достық», облыстың мамандандырылған ауданаралық соттарының «Арландар», сонымен қатар қалалық соттардың қызметкерлерінен «Достық» командалары қатысты.
Мерекелік шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Бек Әметов Тұңғыш Президент күнінің барлық Қазақстан халқы үшін маңыздылығын атап өтті.
Жарыстың қорытындысы бойынша облыстық сот төрағасының кубогын бірінші орынды қанжығасына байлаған «Достық» командасы иеленді. Жүлделі екінші орынды қалалық соттар мамандарының «Қыран» командасы, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы соттары судьяларының «Әділет» командасы жеңіп алды.