18.11.2014
««Eуразия Барысы» ІІ халықаралық турниріне 12 елден 60 балуан қатысады. Жарыс 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және + 90 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар арасында өтеді. Турнирге Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің ең үздік балуандары қатысады», - делінген хабарламада.
«Eуразия Барысы» турнирінің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды.
Жарыс соңында әдеттегідей көрермендер арасында өте бағалы жүлде ойнатылады.