18.11.2014
«Паралимпиадашылардың құрметіне мерекелік шара би флешмобынан басталды. Оған елордалық оқу орындарының 100-ден аса студенті қатысты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның паралимпиадалық спортын дамытуға қосқан үлесі үшін спортшыларға төс белгілермен алғыс хаттар табыстады», - делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, салтанатты шараны аша отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық спортшылардың Инчхондағы XI жазғы Пара Азия Ойындарында жеткен жетістіктерімен құттықтауын оқып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жеңімпаздарға сертификаттар табыстады.
Азия Пара Ойындарында өнер көрсеткеннен кейін республика өңірлерінің спорттық жағдайына талдау жасалды. Мұнда паралимпиада спорт түрлерінің еліміздегі ардагерлері де есепке алынды.
Чемпиондар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореядағы Паралимпиада ойындары 18-24 қазан аралығында өткен. Қазақстан құрамасы онда жалпыкомандалық көрсеткіште орын алып, 7 алтын, 6 күміс пен 11 қола медальға қол жеткізген еді.