17.11.2014
Д. Қалетаев хабарлағандай, Рио-де-Жанейрода өтетін XV жазғы Параолимпиадалық ойындарға дайындық барысында жүзу және жеңіл атлетикаға басымдылық беріледі.
«Жаңа жылдан бастап лицензия берілетін кез басталады. Басымдылықты негізгі екі спорт түріне береміз. Олар жүзу мен жеңіл атлетика. Қазіргі таңда Комитет жүзу бойынша негізгі құраманы Астанада, ал жеңіл атлетикадан негізгі құраманы Алматыда жасақтайтын болады. Біз осы екі орталықты нығайтатын болымыз және Риода өтетін жарысқа дайындаламыз. Менің ойымша өзгеде спорт түрлері біздің көңілімізді қалдырмайды, дайындалатын боламыз», - деді ол.
Айта кетерлік жайт, бүгінде Қазақстанда мүгедектерге арналған 8 спорт клубы мен 2 мүгедектік спорт түрі бойынша мектеп жұмыс істейді, оларда барлығы 2,5 мың адам жаттығуда. « Паралимпиадалық Комитет республика бойынша 8 филиал ашты, ресми тіркелгені осы, жалпы еліміздің барлық аймағында оның филиалдарын ашудамыз. Біз өзіміздің жұмысымызды одан ары жалғастырғымыз келеді», - деп жалғастырды Дархан Қалетаев.
Естеріңізге сала кетейік, Инчхон қаласында ағымдағы жылдың 18-24 қазанында ПараАзиялық ойындар өтті. Қазақстанның 84 спортшыдан тұрған құрама командасы 9 спорт түрі бойынша қатысып, 24 медальды иеленді. Олардың 7 алтын, 6 күміс, 11 қола.
Индира Кауметова