• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО-да «Қан тапсыр,  өзгеге өмір сыйла» эстафета-акциясы басталды 10.11.2014

«Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте эстафета-акциясы басталды. Бірінші күні 80 жас донор қан тапсырды. Негізі акцияға 30 жасқа дейінгі жастар қатысты. Олар бірінші рет қан тапсырушылар және алдағы уақытта ұдайы тапсырып тұратындар», - делінген хабарламада.

Мамандардың мәліметі бойынша облыстық қан орталығында қан тапшылығы орын алған. Бұл шындық күрделі мәселелерді туындатуда. Аталмыш проблемаға назар аударту үшін «Нұр Отан» партиясының «Сау ұрпақ - мемлекет күші» бағыты бойынша сайлау алды платформасын жүзеге асыру үшін «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенділері аталмыш эстафета-акцияны ұйымдастырды. Эстафетаға барлық жоғарғы оқу орындары қатысады.

«Қан тапсырғысы келетіндер аз болмады. Олар осындай мақтауға тұрарлық әрекетімен өзгеге өмір сыйлауда»,- деді ұйымдастырушы  Жібек Әкімчинова.


Back to the list