• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО-да жоғары сынып оқушыларын  өмірге позитивті  қарауға  үйретті – ақпараттық орталық 10.11.2014

«Семейдің  бас педиатры Сарқыт Шабданованың қатысуымен кәсіби психологтар Семей өңірлерінің оқушыларына арналған ерекше сабақтар ұйымдастырылып, Шұлба елді мекеніне барып қайтты. «Тәртіп факторлар мектебі» тақырыбындағы тренингке осынау елді мекеннен елуге жуық адам қатысты», - делінген хабарламада.  

Шарада жоғары сынып оқушыларын өмірге оң қарап үйретіп, кез келген қиын жағдайлардың өзінен артықшылық көруге баулыды. Сонымен қатар, ренішті ұмыту, ересектер және қатарластарымен жанжалдаспау, тіл табысу мен сынақ алдындағы қобалжуды жеңу жайлы айтылды.

«Тренингтерде біз қатысушыларды тіл табысу қабілеттеріне баулыдық. Сонымен қатар, стресстен арылу жолдарын үйреттік», - дейді психолог, №5 аралас емханасы мен «Жас өмір» жастар денсаулық ортадығының дәрігер терапевті Ғалия Балташева.

Хабарламада айтылғандай, топқа бөлініп ұйымдастырылған сабақ барысында күрделі жағдайлардан қалай өту керектігі туралы берілген ақыл-кеңестерді ескере отырып жағдайға талдау жасады. Ойын түрінде өткен сабақа оқушылар дене шынықтыру мен тыныс алу тәртіптерін де игерді.


Back to the list