08.11.2014
«Чемпионатқа 8 олимпиада чемпиондары қатысады, оның үшеуі қазақстандық. Атап айтар болсақ, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Илья Ильин. Бұдан басқа Алматыға ҚХР-дан Ом Юн Чоль, Ким Ун Гук мен Рим Чон Сим есімді олимпиада чемпиондары және польшалық ауыр атлет Адриан Зелинский және Иранның өкілі Бехдад Салимикордашиаби келеді», - делінген хабарламада.
Айта кетерлік жайт, қазақстандықтар бұл чемпионатта үлкен жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін.
Дүбірлі доданың басты ерекшелігі турнирде 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының лицензиялары сарапқа салынады.