07.11.2014
«Мегаполис аумағында бүгінгі күні тестілік режимде 30 орынды 2 станция бар, олардың 14-і Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, ал 16-ы Абай мен Абылай хан даңғылының қиылысында. Болашақта 200 прокат пункті болады деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Автоматтандырылған велопрокат (BIKE SHARING) - көлік инфрақұрылымының элементі, велопрокаттан велосипед алып, кейін оны кез- келген станцияға қайта өткізуге болады. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, велосипедтті қалаған уақытта жалға алуға болады. Бағасы да қонымды.