31.10.2014
«Жалпы түрнирге 16 облыстың құрама командасы мен Астана және Алматы қалаларының командалары қатысты.Жартылай финалда Алматы облысының командасы елордалық құрамадан 5:3 есебімен айласын асырды. Сонымен, бірінші орынды Алматы облысының құрамасы иеленсе, екінші орынға Алматы қаласының құрамасы табан тіреді, Ал, үшінші орынды Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Георгий Цурцумия бастаған астаналық команда қанағат тұтты», - делінген хабарламада.
Ведомсвтодан атап өткендей, 59, 66 және 71 келі салмақ дәрежесіндегі жарыстар аса тартысты өтті. Алайда, қалалық палуандар облыстық құраманың спортшыларынан айласын асыра алмады.