• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда нәресте өлімі 2014 жылдың 9 айы бойынша 12,4 пайызға азайды 31.10.2014

Салидат Қайырбекова жиында талқыланған мәселелердің маңыздылығын, ол жалпы денсаулық сақтау жүйесінің даму тиімділігінің басты индикаторы екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін әрі қарай жетілдіру қажеттігіне назар аударды, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Жағдайды әрі қарай жақсарту мақсатында іс-шаралар жүкті әйелдер мен 2 жасқа дейінгі нәрестелерді қадағалау жүйесін күшейтуге бағытталатын болады. 

«Дегенмен, балалар арасындағы өлім себептеріне қарасақ, ана денсаулығына және жүктілікті жоспарлауға қатысты проблемалар бар екенін көреміз»- деді С.Қайырбекова.   

Бірінші вице-министр азаматтардың сауаттылығы мен хабардарлық деңгейін арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

«Ана мен нәрестелер өлімін төмендетуге әйелдер мен жастардың сауаттылығын және хабардарлығын арттыру жұмыстарын күшейту керек. Жас жұбайлар отбасын жоспарлау тәжірибесін меңгергені абзал»,-деді С.Қайырбекова.    

 


Back to the list