26.10.2014
Ведомство сайтындағы дауыс беру қорытындысын ескере отырып, құрамында ҚР Парламент депутаты И. Аронова, С.Жалмағамбетова, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Жақыпова, тележүргізуші Мая Бекбаева және ерекше мұқтаж адамдар қоғамдық ұйымдарының өкілдері А.Аманбаев, А.Ивкин, Л.Қалтаева және Д.Ердилдинова сияқты сарапшы қазылар алқасы мемлекетіміздің барлық өңірлерінде таратылуы мүмкін ең инновациялық 3 жобаны анықтады.
«Жеңімпаздар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамынан ақшалай сыйлық алды,1 орын – Тараз қаласы, «Жылжымалы хоспис» жобасы, жоба шеңберінде қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға қолдау көрсету, сыйлық сомасы - 2 миллион теңге. Жоба туралы.2 орын – Талдықорған қаласы, «Арнайы тренажерларда емдік денешынықтыру арқылы фитнес-оңалту өткізу» жобасы ерекше мұқтаж адамдарды оңалтуға бағытталған, сыйлық сомасы–1,5 миллион теңге. 3 орын – Қостанай облысы, «Хатико – мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған дене шынықтыру және психологиялық оңалту орталығы» оңалту орталығын салу» жобасы, сыйлық сомасы - 1 миллион», - делінген хабарламада.
1 миллион теңге көлемінде көтерме сыйақыны BG Kazakhstan компаниясынан «Степногорск қаласы, жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған № 4 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Медиаорталығы жеңіп алды.