22.10.2014
Конференция Қазақстан, Ресей, Украина мен Беларуссия елдерінің спорттық қозғалысты дамыту саласындағы ғылым мен тәжірибенің жетекші өкілдерінің басын қосады.
«Қазақстан Президенті өзінің тапсырмаларында біз жергілікті жерлерде, оның ішінде шалғайда орналасқан елді мекендердің инфрақұрылымдарына көбірек көңіл бөлуіміз керек дейді. Бұл мәселелерді шешу жолдары аталмыш кеңесте қаралатын болады. Шетелдік сарапшылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын беретін болады»,- деді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің спорт комитетінің төрағасы Е.Қанағатов.
Е.Қанағатовтың айтуынша, халықаралық форумның қорытындысы бойынша сарапшылар аталмыш саладағы қордаланған мәселелерді шешудің жаңа жолдарын жасақтайды. Бұқаралық спортты дамытудың жаңа ғылыми бағыттары да қаралатын болады.
Камила Амирова