• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО-да Азия ойындарының 8 жүлдегері қаржылай сертификатқа ие болды (ФОТО) 22.10.2014

«Ольго Рыпакованың жеңіл атлетика манежінде облыс әкімі 8 спортшыны алғыс хат және қаржылай сертификатпен марапаттады. Олар Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында еліміздің намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көріне білді. Сонымен қатар, әлем чемпионаты мен Азияның әлеуетті спорт түрлері бойынша жарыстардың жеңімпаздарына да құрмет көрсетілді», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада мен Азия ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпаковаға темір тұлпардың кілті берілді. Сондай-ақ, осындай шәкірттерді тәрбиелей білген бапкерлерде назардан тыс қалмады. Оларға да 300, 150 және 100 теңге көлеміндегі сертификаттар берілді.

Естеріңізге сала кетейік,  XVII жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 23 спорт түрі бойынша  84 медальді жеңіп алды, оның  28 - алтын, 23 - күміс, 33 - қола.  


Back to the list