18.10.2014
«Біз қысқы спорт түрлерімен мақсатты түрде айналысуымыз керек. Бізге қарапайым жаттығу базаларын салу керек. Әрине, бұл салада нақты жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, қысқы олимпиадаға қатысуы мүмкін деген спортшылардың кандидатурасында іріктеп алдық. Бүгінде Қазақстанда аға жаттықтырушылар мен жауаптылар іріктеліп алынды және білім министрлігі тарапынан дайындық жоспары жасалуда», - деп сендірді ол.
Қанағатовтың айтуынша, елімізде қысқы спорт түрлері бойынша мектептер мен жаттығу алаңдарын ашқан жөн. Себебі, спорттың осы түрлері бойынша Қазақстанның ауыз толтырып айтарлықтар жетістігі жоқ.
Индира Кауметова