• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Инчхонда өткен Азиядада қазақстандықтар рекордты жаңартты – Әбдіхалықова (ФОТО) 17.10.2014

«45 мемлекеттен келген спортшылардың дүбірлі додасында отандастарымыз 84 медаль жеңіп алды, оның 28 алтын. Бұл үздік көрсеткіш және жаңа рекорд. Бұл спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың ерең еңбегінің жемісі және бұл жетістік еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттыра түсті», - деп сендірді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара  Әбдіхалықова.  

Сонымен,  17 жазғы Азия ойындарында 49 спортшы чемпион атанса, 27 күміс медальды иеленді, тағы 97 қола медальды місе тұтты. Ал, жалпы 173 қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көріне білді. Бұл жарысқа қатысушы отандастарымыздың 40%.

Айта кетерлік жайт, Қазақстаннан барған делегация спортшылар саны бойынша 45  мемлекеттің ішінен 8 орында болды.

Индира Кауметова


Back to the list