• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысында XVII жазғы Азия ойындарының чемпиондарына 1 млн теңгеден сыйақы  берілді 16.10.2014

Өңір басшысы спортшыларға жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін, ал жаттықтырушыларға елдің, облыстың абыройын асқақтатқан спортшыларды тәрбиелегендеріне ризашылығын білдірді.

«Біз қазақстандық спортшылардың әр сайысын қалт жібермей қарап отырдық. Әсіресе, облыс спортшылары үшін қатты алаңдадық. Сіздер жерлестеріңіздің үмітін ақтадыңыздар! Сіздер – біздің облыстың және еліміздің мақтанышысыздар. Бұл еңбектеріңіз зор ілтипат пен марапатқа лайық», - деді облыс әкімі А.Баталов.

Еске сала кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы жазғы Азия ойындарында 84 медальға қол жеткізіп, Қытай, Оңтүстік Корея мен Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленді. Алматы облысының 35 спортшысы осы бәсекеде ел намысын қорғады. Олар 3 алтын, 1 күміс, 3 қола – жалпы саны 7 медаль алып қайтты.

 


Back to the list