• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
С.Қайырбекова: Туберкулезбен күресте бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру керек (Фото) 15.10.2014

Жиынға мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдері қатысты.  

«Салидат Қайырбекова Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде ұстанымын жақсартқанымен, туберкулездің дәріге төзімді түрімен сырқаттанушылық көлемінің артуы, сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге шалдыққан науқастарға көрсетілетін көмек жайы мамандарды алаңдатып отырғанын алға тартты», - деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.     

Оған қоса, жиынға қатысушылар жергілікті атқарушы орган өкілдерінің назарын: жылдам диагностикалау қондырғыларымен жабдықтау, науқастарды әлеуметтік қолдау, туберкулезге қарсы бірқатар ұйымдардың материалдық-техникалық базасын инфекциялық бақылау талаптарына сәйкестендіру сияқты туберкулезге қарсы іс-шаралар көлемінің жеткіліксіз болып отырғанына аударды.     

Республикалық штаб шеңберінде бірінші вице-министрі Медициналық қызметті бақылау комитетіне пенитенциарлық жүйенің туберкулезге қарсы мекемелеріне тексеру жүргізуді тапсырды.

«Туберкулездің созылмалы түрлерімен ауыратын науқастарды тиісті емдеу мәселелері республикалық штабтың келесі отырысында тыңдалатын болады», - делінген хабарламада.    

 

 


Back to the list