13.10.2014
Алматы әкімі Ахметжан Есімов мерекемен құттықтады. Мегаполис басшысы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ техникалық кадрларды дайындауда көшбасшы екендігін айтты.
«Университет даңтқы тарихқа ие - 80 жыл ішінде мыңдаған мамандар даярланды. ҚазҰТУ түлектері газ, мұнай, кен және басқа да маңызды салаларда ойдағыдай еңбек етуде. Жоғары оқу орнында тәжірибелі, білікті мамандар жұмыс істейді», - деді Ахметжан Есімов.
Қала әкімі Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауы арқасында қаланың 2017 жылғы қысқы Универсиадаға қызу дайындалып жатқандығын және 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға үміткер екендігін жеткізді.