10.10.2014
Конференцияны өткізудегі мақсат – республиканың денсаулық сақтау ұйымдарында балалар ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи жоғары технологиялық әдістерін трансферттеу, түрлі бейін мамандары арасында тәжірибе алмасу, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Айта кетерлігі, соңғы жылдары еліміздің денсаулық сақтау саласында технологиялық жабдықтау бойынша ауқымды өзгерістер жасалуда. Әлемдік стандарттарға сай жоғары технологиялар, балалар ауруларын емдеудің жаңа әдістері енгізілуде. Балалар онкологиясы және гематология, кардиохирургия және өзге де салалар дамып келеді. Балалардың онкогематологиялық ауруларын емдеудің қазіргі заманғы бағдарламалары енгізіліп, олардың аман қалу көрсеткішін 75% дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда Астана мен Алматының ғылыми орталықтарында ашық жүрекке операциялар, жүрек ауруларын интервенциялық, кіші инвазивті әдістермен емдеу атқарыла бастады. 2012-2014 жылдары республикада балаларға осындай 6180 ота жасалды.
Балалар денсаулығын сақтаудағы жетістіктердің бірі – неонатологияда жоғары мамандандырылған көмекті дамыту. 2010 жылмен салыстырғанда қазір 1000 граммнан төмен салмақпен дүниеге келген нәрестелердің аман қалу көрсеткіштері 1,8 есеге артты.